logo

Анна Данилина Дохада жарыс жолынан шығып қалды

Анна Данилина Дохада жарыс жолынан шығып қалды

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Анна Данилина Доха (Қатар) WTA 1000 турнирінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстандық теннисші украиналық Надежда Киченокпен бірге алғашқы айналымда жарыстың 5-ракеткалары, нидерландылық Деми Схюрс – бразилиялық Луиза Стефанимен жолығысты.

Біршама тартысты өткен матчта нидерландылық-бразилиялық жұп 6:4, 7:6 (10:8) есебімен жеңіске жетті.

Тартысты бәсеке барысында А.Данилина – Н.Киченок 2 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Қарсылас дуэт 1 эйс, 3 брейкке қол жеткізді.

Қазақстанның жекелей сындағы бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина бүгін екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 57-орында тұрған қытайлық Чжу Линьмен бастапқы кездесуін өткізеді.