logo

Андрей Карпович Қазақстан чемпионатының кезекті туры жайында пікірін білдірді

Андрей Карпович Қазақстан чемпионатының кезекті туры жайында пікірін білдірді

«Елімайдың» бас бапкері Андрей Карпович семейліктердің «Қайратпен» (1:1) ойыны жайында айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

 «Ішімде түрлі эмоция. Әлбетте, біз басқаша ойнауды жоспарладық. Алғашқы таймда жеңіске жету үшін бірнеше жақсы сәт болды деп ойлаймын. Көпке дейін қарсылас қақпасының кілтін таппадық, тек соңында қолымыздан келді. Тек матч аяқталарда қайсарлық танытатын болып тұрмыз, жалпы ол тұрғыда проблема жоқ бізде. Бірақ өзгеріс керек тұсымыз - ол басталған әрекетті соңына дейін жеткізу.  Жанкүйерлерге көп рахмет, 96-минутқа дейін кетпей, күтті. Жігіттер соңына қарай халықты қуантты. Әрине, жеңіске жеткіміз келді, дегенмен «Қайратты» сыйлаймыз, — деді Карпович QFL сұхбатында.


Күн шежіресі