Андрей Финонченко «Шахтердің» мәселелері туралы айтты
Қарағандылық «Шахтердің» бас бапкері Андрей Финонченко клубтың маусым басындағы сәтсіз өнер көрсетуінің себептері туралы айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Шахтер» - бірде-бір рет Премьер-лигадан ұшпаған. Команданың өзіндік тарихы, дәстүрі бар. Сондықтан Премьер-лигадан ұшу жайлы тіпті ойламаймыз. Қандай орын алатынымыз жайлы айту әлі ерте. Бірақ әр кездесуде тек жеңіске ұмтыламыз. «Шахтердің» биылғы мәселесі - футболшылардың психологиясында болып тұр. Өз алаңымызда 7 ұпай жинағанымызбен, сырт алаңда команданы мүлдем танымай қаламын. Бұл жерде кей футболшыларға не жетіспейтіндігін анықтап, түзде де жетістікке жетуге талпыну қажет»
ҚПЛ-ның он турының қорытындысы бойынша «Шахтер» жеті ұпаймен «Тұран» және елордалық «Женис» командаларымен бірге аутсайдерлер қатарында тұр.