logo

Андрей Буяльский еркін агент атанды

Андрей Буяльский еркін агент атанды

Шайба.kz сайтының мәліметінше, қазақстандық шабуылшы Андрей Буяльский «Сарыарқадан» кетеді, деп хабарлайды Sport+.

Клуб хоккейшімен 2024 жылдың соңына дейінгі келісімшартты ұзартуға келісе алмады.

24 жастағы шабуылшы қарағандылық команда сапында 8 матч өткізіп, 7 (3+4) ұпай жинаған.

Ағымдағы маусымды Буяльский «Барыс» құрамында бастаған. ҚХЛ тұрақты чемпионатының үш матчына қатысқанымен, ұпай жинаған жоқ. Сонымен қатар, хоккейші Қазақстан құрамасы сапында Азия чемпионатына қатысып, үш матчта 2 (1+1) нәтижелі ұпайға қол жеткізген.