logo

Андрей Аршавин: Бұл чемпиондық маусымда «Қайрат» үшін ойнағаныма қуаныштымын

Андрей Аршавин: Бұл чемпиондық маусымда «Қайрат» үшін ойнағаныма қуаныштымын

«Қайрат» клубының бұрынғы ойыншысы және Ресей құрамасының экс-футболшысы Андрей Аршавин алматылық клубты чемпион атануымен құттықтады, деп хабарлайды Sport+:

Сәлем, «Қайрат». 70 жылдық мерейтой жылы чемпион атанғандарыңызға үлкен қуанышпен құттықтаймын. Бұл жанкүйерлер, ойыншылар және клуб басшылығы үшін қаншалықты маңызды болғанын білемін. Жарайсыздар, сондай-ақ осы чемпиондық маусымда сіздер үшін ойнағаныма да қуаныштымын (күледі). Алға жылжи беріңіздер, келесі жылы еурокубоктарда табысты өнер көрсетулеріңізді тілеймін. Тағы да чемпиондықтарыңызбен құттықтаймын. Алға, «Қайрат»!