Таниева Германияда жаттығады
Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының лидері Елжана Таниева Париждегі Олимпиада қарсаңында Германияда жаттығады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Жақын арадағы жарыс Еуропада өтеді. Әлем Кубогының екі кезеңі алда. Елжананың бағдарламасын қиындатып, екі халықаралық жарысқа қатыстырамыз. Одан кейін Германияда оқу-жаттығу жиынын өткіземіз. Қазіргі әлем чемпионы Дарья Варфоломеев сол жақтан. Ал Олимпиадаға бір апта қалғанда Испанияда боламыз, бойымызды ауа райына үйретеміз», — деді бас бапкер.
Олимпиада бағдарламасында көркем гимнастика сайысы 8–10 тамызға жоспарланған.