logo

2 миллион теңгеден жоғары гонарар аламын: Нұрғали Нұрғайыпұлы

2 миллион теңгеден жоғары гонарар аламын: Нұрғали Нұрғайыпұлы

Қазақстандық файтер Нұрғали Нұрғайыпұлы Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында 18 мамырда Алматыда өтетін AMC Fight Nights және NAIZA FC бірлескен турниріне дайындығы, қарсыласының осал тұстары мен бұл жекпе-жектен алатын гонарары жайында ашық айтып, өзге де өзекті сауалдарға жауап берді.

- 18 мамырда өтетін турнирге қай жерде, қалай дайындалдыңыз?

- Астана қаласында, Tobet Top Team академиясында дайындалдым. Дайындық ойдағыдай өтті.

- Сіз неліктен жекпе-жекке сирек шығасыз? ММА сіз үшін ақша табу жолы ма?

- Соңғы жекпе-жегімді 2023 жылдың желтоқсан айында NAIZA 55 турнирінде өткіздім. Жекпе-жек өткізуге еш кедергі жоқ, жекпе-жектерге жиі шығуға тырысамын. Иә, табыс көздерімнің бірі болып табылады. Жекпе-жектен тыс кезде жаттығу жасап, дайындығымды жалғастырамын.

- Турнирде жекпе-жек өткізетініңіз белгілі болды, бірақ қарсыласыңыздың аты-жөні аталмады. Сіздің қарсыласыңыз кім? Оның осал тұстары қандай?

- Қарсыласым - ресейлік жауынгер Али Бадрудинов. Әлсіз деп айта алмаймын. Жекпе-жекте шеберлігімізді көрсетеміз.

- Тайландта Малыхинмен бірге жаттықтыңыз. Ол жақында Нганнуды нокаутқа түсіруге дайын екенін мәлімдеді. Аталмыш әрекет оның қолынан келе ме?

- Ия, менің ойымша Малыхин Нганнуды нокаутқа түсіруі мүмкін, өйткені ол әлемдегі үздік жауынгерлердің бірі болып саналады. Ол нокаутқа түспеген, ал Нганну керсінше нокаут алған жауынгер.

2 миллион теңгеден жоғары гонарар аламын: Нұрғали Нұрғайыпұлы

- Сіз NAIZA титулы үшін күресіп едіңіз, бірақ Абзалиевтен жеңіліп қалдыңыз. Сіз титулдық бәсекеде қайта белдесуге дайынсыз ба? Ал Олжаспен реванш қаншалықты қызықтырады?

- Мен Абзалиевтен емес, өз-өзіме жеңіліп қалдым. Титулдық жекпе-жекке дайын болмадым, ерте шықтым. Біраз жекпе-жек өткізіп, тәжірибе жинау керектігіне көзім жетті.

- Нұрбек Қарабала сізді шетелдік лигалардан көрінетін мықты жауынгерлердің бірі санап, кәсібилігіңізді өте жоғары бағалады. Неліктен өзіңізді NAIZA-дан басқа лигаларда сынап көрмедіңіз? Мысалы, ресейлік лигалар жоғары гонарар төлеуге дайын.

- NAIZA лигасында тағы да жекпе-жектер өткізіп, титулдық жекпе-жекте чемпион болуым керек. Бұл - менің басты мақсатым. Осы шыңды бағындырғаннан кейін басқа лигаларға шығуға болады.

- Сіз біршама уақыт еркін күрестен ұлттық құрамада ел намысын қорғадыңыз. Айтыңызшы, неліктен қыздарымыз әлі лицензиясыз жүр және балуандарымыз Париж Олимпиадасында алтын алуға қауқарлы ма?

- Күресті үзбей қарап отырамын, лицензияның жоқтығы, еркін күрестегі бәскелістіктің жоғары болуы деп білемін. Әрине, Парижде медаль алуға мүмкіндігіміз бар. Балуандарымызды қолдаймын, олардың Олимпиадада бар күш-жігерін салуға дайын екеніне сенемін.

- Сіздің алдағы мақсаттарыңыз қандай?

- Осы 2024 жылы 3-4 жекпе-жек өткізу. Чемпиондық белбеу алу.

- Қазақстандағы ММА-да қандай кедергі, қиындықтар бар?

- Кедергілер туралы білмеймін, бірақ жауынгерлерге қаржылық қолдау көбірек болса жақсы болар еді.

- Алда өтетін жекпе-жекте қанша гонарар беріледі?

- Гонарарым екі миллион теңгеден жоғары.

- Рақмет! Сәттілік тілмейміз!



Күн шежіресі