logo
Live

Әліби Ыдырыстың NAIZA және AMC Fight Night турнирлерінде қарсыласы белгілі болды

Әліби Ыдырыстың NAIZA және AMC Fight Night турнирлерінде қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық жеңілмеген жауынгер, NAIZA лигасының бұрынғы чемпионы Әліби Ыдырыс NAIZA және AMC Fight Night бірлескен турнирінде АСА-ның бұрынғы файтерімен жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Оның қарсыласы бразилиялық Гилберту Диас атанады. Бұл туралы жауынгердің өзі Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында мәлімдеді. 

Бразилиялық өзінің соңғы жекпе-жегінде ACA 167 турнирінде Мехди Байдулаевқа жеңіліп қалды.