Әліби Ідіріс: Еламан Саясатовтың физикалық бабы жақсы, титулға мүмкіндік – 50 де 50
NAIZA лигасының бұрынғы чемпионы, UFC жауынгері Алиби Ідіріс 23 мамыр күні Болат Заманбековке қарсы NAIZA белбеуі үшін жекпе-жек өткізетін Еламан Саясатов жайлы пікір білдірді:
«Еламан жарты жылдан бері бізбен бірге Ақтөбеде жаттығып жүр, бабы жақсы. Осетияда бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткіздік, содан кейін ол „Еркін күшке“ оралды. Қазіргі жағдайы өте жақсы, біз оған Бағдат Жұбанышпен бірге көмектестік. Болжамым: 50 де 50, кім өз стилін таңса, сол жеңеді», — деді Ідіріс.
NAIZA 83 турнирі Алматыда өтеді. 23 мамырдағы тікелей трансляция Sport+ телеарнасында жоспарланған.