Әли Алмас U17 әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Әли Алмас U17 әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қазақстан грек-рим күресінен Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 әлем чемпионатында алғашқы жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Алғашқы медальді 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әли Алмас иеленді. Ол күміс жүлденің иегері атанды.

Финалда Әли Алмас ресейлік Солтан Юсуповпен белдесіп, 3:8 есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, бүгін, 28 шілдеде, 55 келіге дейінгі салмақта Дияр Аманәлі де алтын медаль үшін күреседі.



Күн шежіресі