logo

Нұрсұлтан Тұрсынов грек-рим күресінен Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Нұрсұлтан Тұрсынов грек-рим күресінен Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін, 6 сәуірде Қырғызстанның Бішкек қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Құрлық біріншілігінде алғаш болып грек-рим күресінің балуандары белдесті.

87 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

Отандасымыз ширек финалда Оңтүстік Корея өкілі Ли Сынхванды сенімді түрде жеңді. Белдесу 7:1 есебімен аяқталды.



Күн шежіресі