Александр Шевченко Абу-Дабидегі жарысты жеңілістен бастады
Абу-Дабиде World Tennis League турнирі өтуде. Бұл жарыс аясында төрт теннисшіден тұратын төрт команда үздіктерді анықтайды, деп хабарлайды Sport+.
Қазақстандық Александр Шевченко алғашқы күні екі матчта жеңілді. Аралас жұпта Паула Бадосамен бірге Каспер Рууд (Норвегия) және Ясмин Паолини (Италия) дуэтіне 6:4 есебімен жол берді.
Кейін Шевченко жеке сында тағы да сол Руудқа 6:4 көрсеткішімен жеңілді.
Бүгін екінші айналымның ойындары өтеді. Турнир sportplustv.kz сайтында тікелей эфирде көрсетілуде.