logo

Григорий Ломакин Тунистегі турнирде чемпион атанды

Григорий Ломакин Тунистегі турнирде чемпион атанды

Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Монастир (Тунис) ITF турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстандық теннисші ресейлік Егор Агафоновпен бірге финалда жарыстың 1-ракеткалары, бразилиялық Пауло Андре Дос Сантос - оңтүстікафрикалық Крис Ван Викпен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Қазақстандық-ресейлік жұп 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Бұған дейін Г.Ломакин Пауло Андре Дос Сантоспен бірге Монастирде дәл осындай додада үздік шыққан еді.



Күн шежіресі