logo

Александр Бублик әлемдік рейтингте рекордтық орынға көтерілді

Александр Бублик әлемдік рейтингте рекордтық орынға көтерілді

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) спортшылардың жекелей және жұптық рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Әлемнің үздік теннисшісі атағын сербиялық Новак Джокович сақтап қалды, оның артынан италиялық Янник Синнер мен испандық Карлос Алькарас орын алды.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик екі позицияға көтеріліп, өзінің жеке рекордын жаңартты — ол жекелей рейтингте 17-ші орынға ие болды. Александр Шевченко да екі сатыға көтеріліп, 59-шы орынға жайғасты. Михаил Кукушкин бір орын жоғалтып, 136-шы орынға түсті. Денис Евсеев пен Бейбіт Жұқаев өз орындарында қалды — сәйкесінше 167-ші және 171-ші орындар. Тимофей Скатов бірден 43 сатыға көтеріліп, 199-шы орынға ие болды.

Жұптық рейтингте бірінші орынды испандық Марсель Гранольерс пен аргентиналық Орасио Себальос бөлісіп тұр, үшінші орынды австралиялық Мэттью Эбден иеленді.

Қазақстандық Александр Недовесов екі орын төмендеп, қазір 40-шы орында тұр. Андрей Голубев — 120-шы (-1), Бублик — 148-ші.



Күн шежіресі