logo

Alash Pride президенті Данияр Қасқарауов: Қазақстандық жауынгерлердің басқа лигаларға ауысқаны дұрыс

Alash Pride президенті Данияр Қасқарауов: Қазақстандық жауынгерлердің басқа лигаларға ауысқаны дұрыс

Alash Pride FC лигасының негізін қалаушы Данияр Қасқарауов отандық ММА-ның дамуы және қазақстандық жауынгерлердің шетелдік лигаларға ауысуы туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

- Alash Pride FC – ол жауынгерлерге трамплин деп айтамыз. Қазақстанда промоушндар жақсы дамып жатыр. Жекпе-жектер сапасы өсуде. Міне бүгінде біздің кеш жалпы жаман емес. Келесі жарыстар бұданда жақсы деңгейде өткіземіз деген ой бар. Артем Резниковты алсаңыз, кезінде оны жарысты басында қыздыратын жауынгер ретінде шығаратын еді. Ал қазір Резников АСА лигасыдағы Гран-придің финалисі атанды. Басқа лигаларға ауысқан әрине дұрыс. Қазіргі уақытта жауынгерлер саны көп. АСА лигасының деңгейі жоғары, бірақ ол жаққа екінің бірін ала бермейді. Сонымен қатар олар келісімшартты 6 жекпе-жекке береді. Мұндай шарттарды бәрі қабылдай бермейді. Бағдос Олжабайдың АСА ұйымына барғаны дұрыс. Ол өзі жас болған соң, денсаулығы сыр бермей тұрғанда, жоғары деңгейге көшуге ниет білдірді. Алғашқы жекпе-жегінде Бағдос 45 жекпе-жек өткізген бразилиялықпен кездесіп, оны жеңді, - деді Қасқарауов.