logo
Live

«Alash Pride» президенті Әлімжан Бектаев: Қытай, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінде жарыс өткізу туралы келіссөздер жүруде

«Alash Pride» президенті Әлімжан Бектаев: Қытай, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінде жарыс өткізу туралы келіссөздер жүруде

«Alash Pride» FC лигасының президенті Әлімжан Бектаев Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында «Alash Pride FC 96» кешінің басты жекпе-жегі, JCK қытай лигасы және Федор Емельяненконың командасымен серіктестік және Бақдос Олжабайдың ресейлік АСА промоушнімен келісімшарты туралы айтып берді.

- Әлімжан мырза, 2 мамырда жоспарланған жарысқа дайындық қалай өтуде? Бұл кардта төбелесетін қай жұптарды немесе жауынгерлерді атап өтуге болады?

- Басты жекпе-жекте 61 келі салмақта чемпион, бірақ дәл қәзір 66 келі салмаққа ауысқан Рауан Бекболат пен ресейлік жауынгер Ильямин Джавадов жұдырықтасады. Оның қарсыласы самбодан Әлем және Еуропа чемпионы атанған Рауан мен Джавадовтың жекпе-жегі өте тартысты, керемет «стойкада» болады дегенге сенімін. Бұл жекпе-жек нокаутпен аяқталуы мүмкін.

- Рауан Бекболат 61 келі салмақтағы титулдан бас тартқаны белгілі. Ол 66 келі салмаққа көшуге ниетті. Бекболатты осы салмақтағы титулға үміткер ретінде қарастырасыз ба?

- Рас, Рауан 61 келі салмақтағы титулдан бас тартып, 66 келі салмаққа ауысып жатыр. Бұл салмақта оған титулдық жекпе-жекке шығу әлі ерте. 66 келі салмақта 1-2 жекпе-жектен кейін көреміз. Чемпиондық белбеуге де барып қалуы мүмкін, оны уақыт көрсетеді.

- 61 келі салмақта титулдық жекпе-жекте қандай жауынгерлер жұдырықтасуы мүмкін?

- Аталмыш салмақтағы басты жекпе-жек 25 мамыр күні «Балуан Шолақта» сарайында өтеді. Бұл кеште біздің серіктесіміз JCK лигасының жауынгерлері біздің ұйымның жауынгерлерімен төбелеседі. Ал 61 келі салмақтағы басты жекпе-жек 2019 жылы осы салмақта Гран-приде чемпион болған жауынгеріміз Мұқағали Несіпбаев пен осетиндық мықты спортшы Давид Джибилов жұдырықтасады. Мұқағалидің қарсыласы осал емес, сондықтанда бұл текетірес жанкүйерлердің көңілінен шығуы тиіс.

- Федор Емельяненконың бұл жарысқа қонақ ретінде келуі «Alash Pride-тың» оның командасымен болашақта жұмыс жасайды дегенді білдіре ме?

- Әйгілі Федор Емельяненко алдағы кештің қонағы болады. Алла қаласа, алдағы уақытта оның да командасымен жұмыс жасаймыз. Қазір тиісті келіссөздер жүргізіліп жатыр.

- Бақдос Олжабай ресейлік АСА промоушнімен келісімшартқа отырды. Болашақта осы ұйымға басқа да жауынгерлерді жіберуге жоспарда бар ма?

- Иә, АСА лигасымен келісімшарт 6 жекпе-жекке есептелген. Алла қаласа, маусым айында ол тәжік жауынгерімен кездеседі. Бақдос бір жекпе-жек өткізіп, жеңіп үлгерді, енді қалған жекпе-жектерінде жеңіп жатса, осы лигада чемпион атануы мүмкін. Біз Бақдос Олжабайға тек сәттілік тілейміз, барлық жекпе-жектерінде жеңіске жетуіне тілектеспіз. Алдағы уақытта Бақдос туралы ауқымды ақпарат беріп отырамыз. Олжабайдан кейін АСА лигасына ауыса алатын тағы 2-3 жауынгеріміз бар. Қазір осыған қатысты келіссөздер жүргізіліп жатыр.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Alash Pride League (@alash_pridefc)

- «Alash Pride» келесі жарысты қытайлық JCK лигасымен бірігіп өткізеді. 25 мамырда өтетін жарыста қандай жауынгерлерді көруге болады?

- Бұл кеште Саламат Исбулаев, Аслан Өтеғалиев, Санжар Әділов, Аңсар Қасымжан, Досбол Еріжепов, Бекболат Әбішев, Досқали Аширов деген «Alash Pride-тің» үздік жауынгерлері өз өнерлерін көрсетеді. Жалпы біздің ұйымның атынан сегіз жауынгер қатысуы жоспарда бар. Толық ақпаратты алдағы уақытта біздің ұйымның әлеуметтік желілерінде хабарлайтын боламыз.

- Өткен жылы сіздің промоушн Бішкекте жарыс өткізді. Осы жылы шетелде жарыс өткізу жоспарда бар ма?

- Өткен жылы біздің промоушн Қырғызстанда өте керемет кеш өткізді. Биыл Қытай, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда бұл әрекеттер толық 100% шешілмеді. Жақсы жаңалықтар болса, міндетті түрде хабарлайтын боламыз.