«Alash Pride» лигасының жауынгері ONE Championship ұйымымен келісімшартқа қол қойды
Қазақстандық жартылай орта салмақтағы жауынгер Диас Өтеген (2-0) ONE Championship лигасымен келісімшартқа қол қойып, Бангкоктағы турнирде дебют жасайды, деп хабарлайды Sport+.
Бұған дейін Диас «Alash Pride» лигасында өнер көрсеткен, соңғы кездесуінде ол Абдулло Шомұродовты жеңген.