«Alash Pride» чемпионы Абдурахман Өмірзаков BRAVE турнирінде өнер көрсетеді
77 келіге дейінгі салмақтағы «Alash Pride» чемпионы Абдурахман Өмірзаков BRAVE лигасымен бірлескен турнирде жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Sport+.
Абдурахман Таразда өткен соңғы турнирде Фирдарс Мурадалиев қарсыласын нокаутқа жіберіп, лиганың вакантты белбеуін жеңіп алған еді.
Енді оның келесі қарсыласы — Өзбекстан өкілі Асадбек Равшанов.
Турнир 31 мамыр күні өтеді. Алматыдағы кешті тікелей эфирде Sport+ телеарнасы көрсетеді.