Алан Құрманғалиевтің әлем чемпионатындағы алғашқы қарсыластары анықталды
Румынияның Клуж-Напока қаласында жастар арасындағы үстел теннисінен әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sport+ ҰОК сайтына сілтеме жасап.
Жарыс аясында 19 жасқа дейінгі санатта Алан Құрманғалиевтің жеке, жұптық және аралас разрядтардағы алғашқы қарсыластары анықталды.
Жеке разряд, 1/16 финал:
Алан Құрманғалиев – Энрике Риос (Пуэрто-Рико)
Аралас разряд, 1/16 финал:
Алан Құрманғалиев / Хана Года (Қазақстан / Мысыр) – Энрике Риос / Кристал Мелендес (Пуэрто-Рико)
Жұптық разряд, 1/8 финал:
Алан Құрманғалиев / Беньямин Фараджи (Қазақстан / Иран) – Тиаго Абиодун / Юлиан Чирита (Португалия / Румыния)