logo

Әкімжан NAIZA 67 турнирінде Понемен реванш өткізеді

Әкімжан NAIZA 67 турнирінде Понемен реванш өткізеді

Қазақстандық жауынгер Жасұлан Әкімжан (10-3) NAIZA 67 турнирі аясында француз Джейсон Понемен (24-17-1) реванш жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұған дейін Әкімжан мен Поне Астанада өткен NAIZA турнирінде кездесіп, сол кезде Поне төрешілер шешімімен жеңіске жеткен. Жекпе-жектен кейін Жасұлан аурумен шыққанын мәлімдеген болатын.

Әкімжан бұл жеңілісін NAIZA және Fight Night бірлескен турнирінде жеңіспен жапса, Поне екі жекпе-жекте жеңіліп үлгерді.



Күн шежіресі