logo

Академиядан екі рет қуылуға жақын болды: «Қайрат» пен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Әділет Садыбековтің шабыттандыратын оқиғасы

Академиядан екі рет қуылуға жақын болды: «Қайрат» пен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Әділет Садыбековтің шабыттандыратын оқиғасы

Әділет Садыбеков - Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа есімі. Жас хавбек «Қайрат» академиясынан екі рет қуылуға жақын болды, алайда жақында Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды. Sport Plus Qazaqstan еліміздің барлық жас футболшыларын Садыбековтің мансабы арқылы ынталандыруға тырысады.

Әділет Садыбеков Ақтөбеде дүниеге келген, бірақ 5 жасында ата-анасымен бірге Алматыға көшіп кетті. Алматыда Әділет ФШМ клубына келіп, футболдағы алғашқы қадамдарын жасады. 2013 жылы Әділетке «Қайраттың» скауттары көз қырын салып, кейін оны клуб академиясына шақырды. Академияда ол өз жасындағы жастар командасында ойнады (2002 жылы туылған), бірақ 2018 жылы жартылай қорғаушы қиындықтарға тап болды – ол бір жасқа төмен командаға түсіп, 2003 жылы туылған жастар командасында ойнады. Бұл футболшының жиі ойын тәжірибесін алсын деген мақсатпен жасалған қадам болатын.

Бір жылдан кейін ол өз жасындағы командаға қайта оралды. 2020 жылы Садыбековтің «Қайрат-Жастар» жастар командасының қатарына қосылуға мүмкіндігі пайда болды, бұл оның жасөспірімдер футболындағы мансабының логикалық жалғасы болар еді, бірақ Әділеттің бұл арманы орындалмады. Алайда, Әділет бір жылдан кейін көздеген мақсатына жетеді: 2021 жылғы маусымда оны «Қайрат-Жастар» командасының негізгі құрамына алады. Дәл осы кезде Садыбековтің мансабына «Жастардың» бапкері Кирилл Морунов баға жетпес әсерін тигізеді. Сонымен қатар, Садыбеков жасөспірімдер Чемпиондар лигасында «Қайрат» U19 командасы сапында өнер көрсетеді, онда ол өзінің ең жақсы қасиеттерін паш етті.

Академиядан екі рет қуылуға жақын болды: «Қайрат» пен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Әділет Садыбековтің шабыттандыратын оқиғасы

Әрі қарай Садыбековті тағы бір сынақ күтіп тұрды: «Қайрат-Мәскеу» клубына шақыру. 2022 жылдың наурызында Әділет Ресейдің екінші лигасына тәжірибе алу үшін жол жүреді. Ол жақтағы біздің кейіпкеріміздің ойыны «Қайраттың» бас командасының бапкерінің көңілін аударады, сол себепті Садыбеков көпке ұзамай негізгі командамен келісімшартқа отырады. Мансаптың осы кезеңінде Әділетке бапкер Кирилл Кекер өзін-өзі көрсетуге үлкен мүмкіндік жасайды.

Садыбековтің мансабында Академияның жастар командалары сапында көрген барлық қиындықтарды сипаттау үшін абзац мәтін жеткіліксіз. Кейбір кезеңдерде Академия басшылары Садыбековке деген сенімділікті жоғалтып, олар аяқдопшыны тіпті екі рет академиядан алып тастағысы келді, бірақ жас футболшының табандылығы мен еңбекқорлығы өз жемісін берді. Садыбеков академиядағы жаттығулардан кейін доппен қосымша жұмыс жасап, жеке дайындыққа көп көңіл бөлуге мәжбүр болды. Саны шексіз спринттер мен техниканы шыңдаған сәттері де көп болды. Ол жаттығу залында ауыр жұмыс жасау арқылы физикалық қабілеттігін жақсартуға сансыз уақытын жұмсады. Садыбековтің әрекеттері бекер болған жоқ-қазір ол ұлттық құраманың мүшесі.

Садыбековтің мансабы «Қайрат» академиясының барлық түлектеріне үлгі болуда. Біздің ойымызша, Әділеттің тағдыры кем дегенде екі нәрсені анық көрсетеді: біріншісі, футболшының таланты оған ересектер футболда жақсы мансапқа кепілдік бермейді, өйткені таланттан басқа футболшыда өзге компоненттер болуы тиіс-мінез және еңбекқорлық. Екіншіден, бірде-бір маман немесе бапкер футболшының болашағына нақты баға бере алмайды – футболшыға үлкен кәсіби мансапты алдын-ала болжау немесе оны балалар мен жасөспірімдер деңгейінде үкім шығару мүмкін емес.

Әділет Садыбековтің өз арманына жетелеген күрделі жолы балалар мен жасөспірімдер футболында қиындықтарға тап болған жас футболшыларды шабыттандырады. Қазір Садыбеков ағылшын тілін белсенді үйреніп жатыр, өйткені ол еуропалық футболдағы белестерді бағындырудың келесі жоспарларын құруда.



Күн шежіресі