Айтқұл Алмаханның бұрынғы қарсыласымен төбелеседі
Қазақстандық жауынгер, жеңіл салмақтағы OCTAGON лигасының экс-чемпионы Сүндет Айтқұл 2 қарашада Астанада өтетін Dala Fighting Night турнирінде бразилиялық Джовани Варгасқа қарсы жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Sport+.
Айтқұл үшін бұл 65,8 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі екінші жекпе-жек болады. Варгас (11-5) CFC ұйымының чемпионы атанып, Қазақстанда OCTAGON лигасында Бекзат Алмаханға қарсы жұдырықтасып үлгерді. Бекзат үшін бұл жекпе-жек UFC-ге қосылар алдында соңғы болды.
Сундет кәсіби мансабында жалпы 10 жекпе-жек өткізді, оның сегізінде жеңімпаз атанды. Қазақстандықта мерзімінен бұрын жеңістердің 100% көрсеткіші бар: 38% — нокауттар, 62% — ауырту әдістері.
Турнирді Sport+ телеарнасы тікелей эфирде көрсетіледі.