Айдар Махметов — Paris Spring Jiu-Jitsu International Open турнирінің жеңімпазы

Айдар Махметов — Paris Spring Jiu-Jitsu International Open турнирінің жеңімпазы

Астана қаласы дзюдо федерациясының президенті Айдар Махметов 16–17 мамыр күндері Парижде өткен халықаралық Paris Spring Jiu-Jitsu International Open турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sport+.

Айдар Әлімжанұлы Masters санатында, 85 келіге дейінгі салмақта, қара белбеу иелері арасында сынға түсті. Бұл — бразилиялық джиу-джитсудағы ең бәсекелі әрі беделді деңгейлердің бірі.

Paris Spring Jiu-Jitsu International Open — IBJJF (International Brazilian Jiu-Jitsu Federation) нұсқасы бойынша дәстүрлі халықаралық турнир. IBJJF — джиу-джитсу әлеміндегі ең беделді ұйымдардың бірі. Аталған жарыс жыл сайын Еуропа мен Еуразияның ең мықты спортшыларын жинайды.