Аида Тойшыбекова дзюдодан Астанадағы Grand Slam турнирінде қола медальға ие болды
Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Аида Тойшыбекова дзюдодан елордада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде үшінші орын алды, деп хабарлайды Sport+ Қазақстан дзюдо Федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отандасымыз 78 келіден жоғары салмақта қола медаль үшін өткен белдесуде италиялық Тизиана Маринимен күресті.
Белдесу барысында италиялық балуан үш мәрте ескерту алды. Осылайша Аида Тойшыбекова қола медальмен жарысты аяқтады.