Қазақстан дзюдодан Грузиядағы Еуропа кубогын бес медальмен аяқтады

Қазақстан дзюдодан Грузиядағы Еуропа кубогын бес медальмен аяқтады

Қазақстан дзюдодан Гори қаласында (Грузия) өткен Еуропа кубогында бес медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық құраманың қоржынына бір күміс және төрт қола жүлде түсті.

78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Толқын Тұрсынақынова күміс медаль иеленді.

Ал қола жүлдеге Қанат Сейілхан (66 келіге дейін), Сымбат Тағай (48 келіге дейін), Аяулым Қалмырза (57 келіге дейін) және Карина Такиева (78 келіден жоғары) қол жеткізді.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан сегізінші орынға тұрақтады.



Күн шежіресі