Дзюдошы Марат Байқамуров елордадағы Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамуров Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sport+ Қазақстан дзюдо Федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отандасымыз 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында молдовалық Вадим Гимбовскимен алтын медаль үшін белдесті.
Шешуші белдесу 1:0 есебімен Байқамуровтың жеңісімен аяқталды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі алтын медаль бар. Бұған дейін Жалғас Қайролла (81 келіге дейін) жеңімпаз атанған еді.