logo

Қазақстандық боксшылар Олимпиадаға жеті лицензия жеңіп алды

Қазақстандық боксшылар Олимпиадаға жеті лицензия жеңіп алды

Бусто-Арсицио (Италия) қаласында өткен лицензиялық олимпиадалық турнир қорытындысы бойынша Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) және Айбек Оралбай (92 келі) алдағы Олимпиадаға жолдама алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Өткен жылы Азия ойындарында олимпиадалық лицензияларды Қамшыбек Қоңқабаев (+92 келі) және Карина Ибрагимова (57 келі) жеңіп алды.

Парижге жолдама алудың соңғы мүмкіндігі Бангкокте өтетін турнир болады, ол 23 мамырдан 3 маусымға дейін өтеді.



Күн шежіресі