logo

Әділет Барменқұлов федерация президенті қызметінен кетті

Әділет Барменқұлов федерация президенті қызметінен кетті

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов қызметінен кетті, деп хабарлайды Sport +.

Бүгін федерацияда кезектен тыс жиын өтіп, Барменқұлов орнынан кететінін айтқан.

Әділет Барменқұлов ҚФФ 2022 жылы президент болып сайланған еді. Ол Әділбек Жақсыбековті алмастырған болатын.

Экс-президенттің тұсында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеу кезеңінде тәуір өнер көрсетіп, жолдама алуға сәл жақын қалды.

Алайда, шешуші сәтте Адиев жаттықтырған құрама Словенияға есе жіберді. Кейін қосымша ойында Грекияға жол берді.



Күн шежіресі