logo

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінің жартылай финалына шықты

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінің жартылай финалына шықты

Душанбеде (Тәжікстан) өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінде қазақстандық Абылайхан Жұбаназар жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Отандасымыз ширек финалда грузиялық Димитрий Гочилаидзені «иппон» ұпайымен жеңді. 

Сондай-ақ 81 келі салмақ дәрежесінде жарыс жолына шыққан Абылайхан Тәжікстан мен Грекия балуандарынан да басым түсті. 

Қазақстандық балуан енді финалдық белдесуде жапониялық Юшито Ходжомен сынға түседі. 

73 келі салмақта өнер көрсеткен тағы бір спортшымыз Дархан Қойбаған жартылай финалда швейцариялық Нилс Стамптан жеңіліп, қола жүлдеге таласатын болды. Оның кіші финалдағы қарсыласы – моңғолиялық Эрденбаяр Батсцая.