logo

Абат Айымбетов: Қандай жағдай болмасын, біздің жігіттер нағыз батырлар

Абат Айымбетов: Қандай жағдай болмасын, біздің жігіттер нағыз батырлар

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Словениямен матч алдындағы баспасөз мәслихатында команданың дайындығы жайында айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan:

«Мен жақсы формадамын. Алғашқы матчты жақсы ойнадық, дегенмен Норвегия қақпасына гол соға алмадым. Мен шабуылшы ретінде әр ойында доп салуым керек. Жанкүйерлерді қуантқым келеді. Әрине, бастамасы жақсы. Норвегиямен ойын алдында „үш гол өткізіп алады“, „жеңіледі де, еш уайымсыз үйлеріне қайтады“ деп те жазды. Бірақ біз нық тұрдық. Ойыннан кейін де айтқанмын, бір отбасыдай ойнап шықтық. Командалық рух барда бәрі де мүмкін. Әрі қарай бұдан да күшті болатынына мен сенемін. Жігіттерге еш күмәнім жоқ, бәрін мақтан тұтамын. Қандай жағдай болмасын, біздің жігіттер нағыз батырлар», — деп келтірді Айымбетовтің ойын алдындағы баспасөз-мәслихатында.

Словения — Қазақстан матчы 9 қыркүйек сағат 23:45–те басталады.



Күн шежіресі