Абат Аймбетов Румыния чемпионатына ауысуға жақын
Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов мансабын Румыния чемпионатында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Sport+ Gazeta Sporturilor басылымына сілтеме жасап.
Форвард пен «Петролул» клубы арасындағы келіссөздер ақтық кезеңге жеткен.
Румыниялық басылымның мәліметінше, келіссөздердің белсенді кезеңі «Петролулдың» «Униря Слобозияны» (1:0) жеңгенінен кейін басталған. Қазақстандық шабуылшымен келісімшартқа жақын күндері қол қойылуы мүмкін.
Абат Айымбетов Қазақстан құрамасы сапында 45 матч өткізіп, 9 гол соққан. Форвардтың соңғы клубы түркиялық «Адана Демирспор» болды, оның құрамында 36 матчқа қатысып, 6 рет мергендік танытты. Өткен жылдың жазынан бері ойыншы еркін агент мәртебесінде жүрген.
Бұған дейін Айымбетов «Ақтөбе», «Қайрат», «Астана» және Ресейдің «Крылья Советов» клубтарында өнер көрсетті. Мансабында ол үш рет Қазақстан чемпионы атанып, 179 матчта 54 гол мен 13 нәтижелі пас авторы болды.
«Петролул» — Румынияның үш дүркін чемпионы. Ағымдағы маусымда команда 24 ұпай жинап, турнир кестесінде 12-орында тұр.