logo

125,9 миллион: «Барыс» хоккей клубында ең көп жалақы алатын спортшы анықталды

125,9 миллион: «Барыс» хоккей клубында ең көп жалақы алатын спортшы анықталды

«Барыстағы» ең қымбат үш ойыншының есімі анықталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Кирилл Савицкий елордалық клубтың жаңа маусымдағы ең көп жалақы алатын хоккейшісі атанды. «Спорт-Экспресс» хабарлауынша, оның жалақысы 125,9 миллион теңгені құрайды.

Одан кейін 110,2 миллион теңге жалақымен Роман Старченко тұр. Ал үздік үштікті Кирилл Панюков аяқтады. Оның жалақысы 104,9 миллион теңге құрады.

Айта кетейік, бұл сомаға хоккейшілерге берілетін бонустар кірмейді, бұл спортшыларға негізгі жалақысы ретінде беріледі.



Күн шежіресі