Журналист Михаил Козачков бас бапкер Станислав Черчесовке тек қазақ тілінде сұрақ қоюды ұсынды
Отандық танымал журналист Михаил Козачков бұдан былай Черчесовке тек қазақ тілінде сұрақ қоюды ұсынды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Қазақстанда қазақтың қазақ тілінде қойған сауалына қатысты футболдан ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовтің түсініксіз әрекеті үшін айыппұл салынды.
Барлық әріптесіме – ресейлік маманның баспасөз конференциясына баратын спорт журналистеріне – алдағы уақытта бас бапкерге тек мемлекеттік тілде сұрақ қоюды ұсынамын», - деп жазды Козачков.
Бұған дейін федерация оның бұл әрекеті үшін айыппұл арқалағанын алға тартқан. Черчесовтың өзі де тіл мәселесіне келгенде барынша ұқыпты болуға уәде берген-мыс.