Жұманның соңғы жекпе-жегі. Алматыдағы NAIZA турнирін тікелей эфирі

23 тамыз күні Алматыда NAIZA лигасының турнирі өтеді.
Турнирдің басты жекпе-жегінде лиганың бұрынғы чемпионы, қазақстандық ММА аңызы Жұман Жұмабеков ММА ережелері бойынша соңғы жекпе-жегін өткізеді.
Оның қарсыласы — Open FC лигасының белбеу иегері бразилиялық Роверсо.
Турнир аясында жалпы 12 жекпе-жек өтеді.
Ивенттің басталуы — 17:00–де.
Турнирдің толық көрсетілімі тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан, sportplustv.kz сайтынан және YouTube-тегі sportplus_qaz арнасынан көруге болады.