logo

Жұмағұловтың бапкері Артём Левин: Бэкфистер — бұл біз жекпе-жекке дейін арнайы дайындаған соққылар

Жұмағұловтың бапкері Артём Левин: Бэкфистер — бұл біз жекпе-жекке дейін арнайы дайындаған соққылар

OKTAGON еуропалық лигасының жаңа чемпионы Жалғас Жұмағұловтың бапкері, American Top Team командасынан ресейлік кәсіби тайбоксер және кикбоксер Артем Левин Sport+ арнасына эксклюзивті сұхбат беріп, жекпе-жекке баға берді және шәкірті тапсырманы қаншалықты орындағанын айтты.

— Алғашқы екі раундта Жалғас жақсы қозғалды. Мен оның бірінші нөмірмен жұмыс істеуін қаладым — бәрі жеткілікті қауіпсіз болды, мен риза болдым. Ол қарсыласының аяқтарына өте жақсы соққы жасады. Егер сол бағытта жалғастырған кезде, қарсыласқа айтарлықтай қиындық тудыруы мүмкін еді. Грузиялық спортшының да шеберлігін атап өту керек — ол айлакерлікпен әрекет етті, үнемі тұрысын ауыстырып отырды, қысым жасап, көп шабуылдауға тырысты. Ол Жалғасты торға тақап, біраз сәтті әрекеттер көрсетті. Бұл – біз үшін жекпе-жектегі теріс тұстардың бірі.

Бэкфистер — біз бұл соққыларды арнайы дайындадық. Барлық бес раунд бойы Жалғас жақсы қозғалды, аяқта сенімді жұмыс істеді, бірақ, әрине, әлі де жетілдіретін тұстар бар. Ол – тәжірибелі, жасы үлкен спортшы, бірақ соған қарамастан, жаңа нәрселерді үйренуге дайын. Мінсіз жекпе-жек деген болмайды — әрдайым дамитын жер табылады. Ең бастысы — жеңіс біздің еншімізде, белбеу Қазақстанға бара жатыр. Барша қазақ жанкүйерлерін осы қуанышпен құттықтаймын!

Артем сондай-ақ қазақстандық жанкүйерлердің аренада да, арена сыртында да көрсеткен үлкен қолдауын ерекше атап өтті.

— Қазақстандық жанкүйерлердің қатты қолдау білдіргенін сездік. Аренада оның есімін ұрандатты — бұл өте маңызды. Жанкүйердің қолдауы — спортшы үшін үлкен мотивация, – деді Левин.



Күн шежіресі