logo

Қазақстандық футболшы Ресей клубына ауыспақ

Қазақстандық футболшы Ресей клубына ауыспақ

Қазақстандық әмбебап футболшы Бексұлтан Шәмші Волгоградтың «Ротор» клубына ауысуға жақын. Бұл туралы Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасай отырып sportplustv.kz хабарлайды.

Өткен маусымда 23 жастағы Шәмші «Оқжетпес» сапында қорғаныста да, алаңның орталығында да сәтті өнер көрсетті. Ол кезде көкшетаулық клубты Сергей Попков жаттықтыратын, ал қазір Попков «Ротордың» бас бапкері.

Ресейлік маман Шәмшіні команда сапына қосқан. «Ротор» бірінші дивизионға шығудан дәмелі. ҚПЛ-2023-те Бексұлтан 23 матчқа қатысты.

Сонымен қатар ол «Ордабасы», «Оңтүстік», «Арыс» клубтарының екінші командаларында ойнады. Қазақстанның жасөспірімдер құрамасына шақыртылды.