Қазақстандық теннисшілер Асылжан Арыстанбекова мен Екатерина Дмитриченко W15 санатындағы халықаралық турнирлерде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+.

Асылжан Арыстанбекова Дарья Есипчукпен бірге Түркияның Анталья қаласында өткен турнирдің жұптық сынында чемпион атанды.

Ал Екатерина Дмитриченко түркиялық Ирем Туртпен бірге Мысырда ұйымдастырылған W15 турнирінде топ жарды.