Қарағанды қаласында 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Азия теннис федерациясының (ATF) ATF 14&under Karaganda G2 (4) халықаралық турнирі аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық теннисшілер жекелей және жұптық сындарда төрт чемпиондық атақтың барлығын жеңіп алды.

Ұлдар арасындағы жекелей сында Михаил Ким жеңімпаз атанды. Ол жұптық бәсекеде де үздік нәтиже көрсетіп, отандасы Жанторе Бөлекбаевпен бірге чемпиондық атақты иеленді. Осылайша, Михаил Ким бір турнирде екі бірдей титул жеңіп алды.

Қыздар арасындағы жекелей сында Милана Подлесная топ жарды. Қазақстандық теннисші турнир барысында сенімді ойын өрнегін көрсетіп, қарсыластарына бірде-бір сет берместен чемпион атанды.

Қыздар арасындағы жұптық сында қазақстандық Мария Акатова мен Кристина Бервинова жеңіске жетіп, ел қоржынына тағы бір чемпиондық атақ қосты.

Осылайша, Қазақстан өкілдері халықаралық турнирдің барлық төрт санатында жеңімпаз атанып, өз алаңында жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

Тек Beeline клиенттері ғана алғашқы ғарыштық мобильді байланысты Starlink жерсеріктері арқылы бүкіл Қазақстан аумағында  пайдалана алады.