logo

Жібек Құламбаева алғаш рет WTA жартылай финалына шықты

Жібек Құламбаева алғаш рет WTA жартылай финалына шықты

Жібек Құламбаева Баридегі (Италия) WTA125 турнирінің жұптық сынында жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, ширек финалда Франсиска Хорхемен (Португалия) бірге Жібек Надя Подороска (Аргентина)/Ирина Барэ (Румыния) дуэтін 7:5, 6:3 есебімен жеңді.

Жібек WTA сериясындағы турнирдің жартылай финалына алғаш рет жолдама алды.

Жартылай финалда Жібек пен Франсиска қазақстандық Анна Данилина және ресейлік Ирина Хромачёва жұбымен немесе Эстелль Кашино Франция)/Натела Дзаламидзе (Грузия) дуэтімен күш байқасады.



Күн шежіресі