Әмір Омарханов «Ролан Гарростың» екінші айналымына шықты
Қазақстандық, 17 жастағы Әмір Омарханов жұптық сында жасөспірімдер арасында Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ә.Омарханов ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге бастапқы кездесуін франциялықтар Антуан Фато – Даниэль Жадемен өткізді.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта қазақстандық-ресейлік дуэт 7:6 (7:5), 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Ә.Омарханов – Т.Дерепаско ширек финалға өту үшін жарыстың 5-ракеткалары, франциялық Чарли Камю – аустралиялық Хайден Джонспен таласады.
Жекелей сында Әмір Омарханов алғашқы айналымда испаниялық Рафаэль Ходарға жол берді – 2:6, 2:6.
Бүгін Ролан Гаррос кортында Соня Жиенбаева – Асылжан Арыстанбеков доданың 5-ракеткалары, аустралиялық Эмерсон Джонс – Виттория Паганеттимен кездеседі.
Ересектер арасында Қазақстаннан жалғыз қалған Елена Рыбакина мен италиялық Ясмине Паолинидің ширек финалдық матчы 5 маусымға белгіленген.