Жеңіл атлет Ирина Конищева Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанды
Қазақстандық жеңіл атлет Ирина Конищева Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола жүлдегер атанды.
Отандасымыз жетісайыста үшінші нәтиже көрсетті.
Конищева барлық жеті бағдарлама қорытындысы бойынша 5270 ұпай жинап, қола медальға ие болды.
5562 ұпай жинаған Иран өкілі Фатеме Мохитизаде алтын медаль алса, 5488 ұпай жинаған Өзбекстан спортшысы Угилой Норбоева күміске қол жеткізді.
Сурет: Нұрғали Жұмағазы