logo

Жекпе-жек алдында қонақ үйде төбелес шығарған Naiza лигасының спортшылары жарыстан шеттетілді

Жекпе-жек алдында қонақ үйде төбелес шығарған Naiza лигасының спортшылары жарыстан шеттетілді

Қонақ үйде «хайп» үшін төбелес шығарған Ануарбек Бекембетов пен Марсель Нұрланбекұлын Naiza лигасының президенті Нұрбек Қарабала жарыстан шеттетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Лигамыздың ұраны: шайқасқың келсе, рингте шайқас! Біз спортшыларды өздерінің жауынгерлік қасиеттерін тек шаршы алаңда көрсетуге шақырамыз. Біз мұндай, спортқа жат мінез-өқлықтың көрінісін айыптаймыз және оны спортшының этикасын бұзу деп санаймыз.

Naiza лигасы төбелеске қатысқандарды дисквалификациялау туралы шешім қабылдады. Бұл жауынгерлер лигамыздың іс-шараларына қатысудан шеттетілді. Спортшыларды өздерінің жауынгерлік қасиеттерін тек ринг ішінде көрсетуге шақырамыз» – деді лига президенті Нұрбек Қарабала.

Айта кетейік, Naiza 59 турнирі 26 сәуір күні, Алматы қаласындағы «Алматы арена» спорт кешенінде өтеді.

Турнирдің басты жекпе-жегінде Көшен Ақанов ресейлік Роман Аркелянға қарсы жұдырықтасады.   



Күн шежіресі