Жасөспірім қыздар әлем чемпионатын сәтсіз бастады
Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы 20 жасқа дейінгі әлем чемпионатының IIA дивизионы аясында алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Спортшыларымыз Ұлыбритания құрамасымен кездесті. Бірінші кезеңде ешбір гол соғылған жоқ. Екінші кезеңде командалар бір-бір шайба алмасып, тең нәтиже көрсетті.
Ал соңғы кезеңде қарсыластар Қазақстан қақпасына екі рет дәл соққы жасап, жеңіске жетті.
Ұлыбритания – Қазақстан 3:1 (0:0, 1:1, 2:0)
1:0 – 29:01 – Поттс (Купер, Вослински)
1:1 – 32:33 – Крухольская (Феоктистова, Куклина) артық құрамдағы гол
1:2 – 46:28 – Ньюландс (МакГрегор, Купер)
1:3 – 56:02 – Лэмбертон (Ньюландс)
Айта кетейік, жастар арасындағы әлем чемпионаты Латвияның Рига қаласында өтуде.