Жас хоккейшілер Минсктегі халықаралық турнирге қатысады
6-9 қараша күндері Минскте «Спорттық клуб Президентінің Кубогы» халықаралық турнирі өтеді. Биыл чемпиондық атаққа Беларусьтің екі U17 және U18 жасөспірімдер құрамасы, U18 Қазақстан жасөспірімдер құрамасы және Ресейдің 16 жасқа дейінгі командасы таласады, деп хабарлайды Sport+ Қазақстан хоккей федерациясына сілтеме жасай отырып.
Қазақстан құрамасының бас бапкері болып Алексей Обухов тағайындалды, оған Федор Полищук пен Алексей Кузнецов көмектеседі. Команданың турнирге арналған құрамына «Барыс» жүйесінің 20 ойыншысы енді.
Қақпашылар: Данил Лыткин, Дмитрий Ряшин («Барыс»), Данай Шайиков («Авангард»).
Қорғаушылар: Дамир Бритиков («Академия Петрова»), Раты Дурглишвили, Ибрагим Санжар, Алдияр Қалелхан, Даниил Медведев, Никита Сидоренко, Руслан Түсіпбеков (барлығы – «Барыс»), Святослав Евплов («Армия СКА»).
Шабуылшылар: Әлихан Бақыт, Таир Бигаринов, Данил Дронов, Аристарх Киреев, Егор Кравченко, Хаким Кубатаев, Тимур Миндубаев, Айтуар Нуржанов, Әлішер Саркенов, Александр Симахин, Тамерлан Тілеубаев, Леонид Шакенов (барлығы – «Барыс»), Артур Глухих («Торпедо»).
Қазақстан құрамасының матчтар кестесі (басталуы Астана уақытымен):
6 қараша. 18:00. Ресей U16 - Қазақстан U18
8 қараша. 17:30. Беларусь U18 - Қазақстан U18
9 қараша. 12:30. Қазақстан U18 - Беларусь U17
Сонымен қатар, Спорттық клуб Президентінің Кубогы аясында 7 қараша күні 3х3 форматындағы хоккей турнирі өтеді.