Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Таиландтағы турнирде қола жүлдеге ие болды

Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Таиландтағы турнирде қола жүлдеге ие болды

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Жәния Бекмұхамбетова Таиландтың Бангкок қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы U13 жас санатында үшінші орынды иеленді.

Турнир барысында Бекмұхамбетова Таиланд өкілдері Амина Прасонполды 3:1, Беньяфа Сураситті 3:0, Наттхапат Лимсирилертті 3:0 және Жапония спортшысы Нонока Судзукиді 3:0 есебімен жеңді.

Жартылай финалда қазақстандық спортшы Қытайлық Тайбэй өкілі Йен Пэй Эньге 0:3 есебімен есе жіберіп, жарысты қола медальмен аяқтады.



Күн шежіресі