Жәния Бекмұхамбетова Ташкенттегі WTT Youth Contender турнирінде алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасының үстел теннисшісі Жәния Бекмұхамбетова Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшы 13 жасқа дейінгі (U13) санатта алтын медаль жеңіп алды.
Финалда Жәния Үндістан өкілі Шреошри Чакрабортиді 3:1 есебімен жеңді.
Айта кетейік, осы жас санатында өнер көрсеткен Назерке Болатбек ширек финалға дейін жетті.