Жәнібек Тыныштық Жұмағұлов үшін кек қайтаруға мүмкіндік алды

Қазақстандық жауынгер Жалғас Жұмағұловтың клубтасы Жәнібек Тыныштық Раулино Пайвамен жекпе-жек өткізетін болды, деп хабарлайды Sport+.
«Жақында мен сіздерге келіп, әсерлі де әдемі жекпе-жек көрсетемін және, әрине, жеңіске жетемін. Жәнібек, бұл жекпе-жекке ең жақсы формаңда шық. Мен сенің ағаң Жалғасты жеңгенмін, енді Қазақстанға келіп сені де таптап өтемін!», — деп жазды Пайва әлеуметтік желіде Тыныштыққа үндеу жасап.
Жәнібек Тыныштық — кәсіби октагонда әлі жеңілмеген спортшы.
Пайва UFC-дегі Жалғас Жұмағұловтың алғашқы қарсыласы болып, даулы шешіммен жеңіске жеткен еді. Кейін ол америкалық лигадағы келісімшартынан айырылып, «Alash Pride» ұйымымен келісімге келді, бірақ алғашқы жекпе-жегінде Руслан Сәриевтен жеңіліп қалды.