Заңғар Нұрланұлы Кореядағы турнирде жергілікті ойыншыны жеңді
Ванджуда (Корея) ITF J300 WANJU (CLOSED REGIONAL CHAMPIONSHIPS) жастар сериясының турнирі өтуде, деп хабарлайды Sport+
16 жасқа дейінгі Азияның үздік ойыншысы Заңғар Нұрланұлы (94 ITF Juniors) ширек финалда Корея өкілі Йенс Джейонгты (87 ITF Juniors) 6:4, 6:3 есебімен жеңді.
Жартылай финалда Заңғар жарыстың бірінші нөмірлі ойыншысы Хойонг Рохпен, Корея (12 ITF Juniors) күш байқасады.