Жәмила Бақбергенова күрестен Будапешттегі халықаралық рейтингтік турнирдің күміс жүлдегері атанды
Қазақстандық балуан Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен Будапешттегі (Венгрия) халықаралық рейтингтік турнирде күміс медальға ие болды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
72 келіге дейінгі салмақта бәсеке айналмалы жүйе бойынша өтті.
Жәмила бірінші белдесуінде қырғызстандық Кайыргуль Шаршебаеваны жеңсе, екінші айналымда үндістандық Дикша Малик тізе бүктірді.
Дегенмен алтын жүлде үшін өткен кездесуде Польша өкілі Виктория Холуйден жеңіліп қалды. Осылайша күміс жүлдегер атанды.
Айта кетейік, бүгін, 19 шілдеде грек-рим күресінен қалған салмақ дәрежелері бойынша жүлделер сарапқа салынады.