Жалғас Жұмағұловтың келесі жекпе-жегінің болатын күні жарияланды
Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (16-9) келесі жекпе-жегін 9 қараша күні Словакияның Братислава қаласында өткізеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Жұмағұловтың қарсыласы валлийлік файтер Аарон Эби (16-9-1) болады. Жекпе-жек чехиялық Oktagon лигасында өтеді.
Жалғас Жұмағұлов соңғы рет ақпанда Naiza FC 57 турнирінде өнер көрсетіп, АҚШ-тық Кливленд Маклинді (17-2) төрешілердің шешімімен жеңген болатын. Ал келесі қарсыласы Аарон Эби соңғы рет сәуірде Сэм Криси (19-5) есімді ағылшын файтеріне төрешілердің шешімімен ұтылған.